Қаржы министрлігі бизнестің жаппай көшуі туралы қауіпті жоққа шығарды
Қаржы министрлігі сарапшылардың бизнестің Қазақстаннан жаппай кетуі мүмкін деген пікірлерімен келіспейді, деп хабарлайды LS. Мәжіліс кулуарында қаржы министрі Мәди Такиев журналистердің жаңа Салық кодексіндегі жекелеген нормаларға байланысты компаниялардың басқа елдерге көшу ықтималдығы туралы сұрақтарына жауап берді. «Мұндай жаппай көшу жоқ. Бұл – шындыққа жанаспайтын әңгіме. Кейбіреулер шетелде салық аз дейді, бірақ іс жүзінде ол елдерде…
