Қорғаныс өнеркәсібін дамыту – стратегиялық міндет
Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жағдайына алаңдаушылық білдірді. Қаңтар оқиғасы, Украина төңірегіндегі ахуал, Орталық Азия өңіріндегі шиеленістің күшеюі еліміздің қорғаныс қабілеті мәселесін өзектендіреді. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық жүйесі түбегейлі қайта ұйымдастырылуда. Жаңа Әскери доктрина әзірленуде.