
Жастарға берілген тұрғын-үйдің жылу жүйелері қалпына келтірілді
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрсәт-3 шағынауданындағы жастар қоныстанған № 112 үйде болып, жылу жүйелеріне қатысты өзекті мәселелерді пысықтады. Көпқабатты үйге жылу Әкімшілік іскерлік орталығындағы қуаттылығы 160Гкал құрайтын қазандық арқылы беріледі. Алайда жертөледегі желілерде ақау шығуына байланысты пәтерлерде жылу төмендеген. Аталған қазандық арқылы бүгінде 127 көпқабатты тұрғын үй мен 8 мемлекеттік мекемеге жылу және ыстық су…