
Алматыда жүрдек қоғамдық көліктің жаңа желілері пайда болады
Алматы әкімдігінде LS-ке қалада жүрдек автобус (BRT) және жүрдек трамвай желілерін (LRT) салу жоспарланып отырғанын айтты. Әкімдіктің мәліметінше, жеңіл рельсті көліктің бірінші желісін салу шеңберінде биыл техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірленеді. Бас жоспарға сәйкес оның ұзындығы 31 км болады. Маршрут батыс бағытта Төле би көшесімен Алтын Орда көшесіне дейін, одан әрі «Барлық» базарына дейін салынады. Солтүстік…