
Ресей мен Қытайды Қазақстан арқылы жаңа маршрут байланыстырады
Қазақстан Ресей мен Қытайды жаңа көлік қатынасымен байланыстырады. Бұл туралы LS-ке көлік министрлігінде егжей-тегжейі айтылды. Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл байланыс трансшекаралық Ертіс өзенінің мультимодальды транзиттік дәлізін дамыту есебінен мүмкін болмақ. Осы жобаны іске асыру шеңберінде Павлодар – Семей учаскесінде қосымша шлюз, Шығыс Қазақстан облысындағы Тұғыл өзен порты және Тұғыл – Майқапшағай темір жолын салу жоспарлануда….