
Қазақстандықтар зейнетақы жинағымен баласын емдете алады
Енді қазақстандықтар Еңбек жинақтаушы зейнетақы қорындағы (ЕЖЗҚ) қаражатын кәмелетке толмаған балаларын емдетуге жұмсай алады, деп хабарлайды LS. Тиісті өзгерістерге денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қол қойды. Құжатта салымшылардың зейнетақы жинақтарын медициналық қызметтер көрсету үшін кәмелетке толмаған балаларын емдеуге пайдалануға болатыны нақтыланған. Сондай-ақ, министрлік енгізген өзгерістерге сәйкес, өтініш беруші немесе оның заңды өкілі емделуге қолжетімді міндетті…