Қазақстанда жаңа жеңілдетілген ипотека іске қосыла ма
Қазақстанда жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар пайда бола ма. Бұл мәселеге қатысты өнеркәсіп және құрылыс министрлігі LS редакциясына пікір білдірді. Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды енгізу жоспарланбаған. Сонымен қатар, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары жалғасады. Қазіргі таңда мемлекеттік қолдау шараларының бірі – «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы. Оның аясында әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін несие мөлшерлемесі…
