
Қазақстан шекара маңындағы хабтарды іске қосады
Елде бес трансшекаралық хабтың құрылысы жалғасып жатыр. LS редакциясы олардың жай-жапсарын анықтады. Сауда және интеграция министрлігінің LS редакциясының сұрауына берген жауабына сәйкес, бұл хабтардың барлығы 2027 жылға дейін пайдалануға берілмек. Халықаралық өнеркәсіптік ынтымақтастық орталығы «Орталық Азия» – Өзбекстанмен шекарада, Түркістан облысында, «Атамекен» өткізу пунктінің жанында салынады. Жоспар бойынша, көпфункциялы сақтау және бақылау орталығының іске қосылуы…