ҚҚС жеңілдігі жойылады: баспана бағасы қалай өзгереді
Келесі жылдан бастап тұрғын үй нарығында қосылған құн салығына (ҚҚС) берілетін жеңілдік жойылады. LS тілшісі бұл өзгерістің баспана бағасына қалай әсер ететінін анықтады. Жылжымайтын мүлік саласының сарапшысы Александр Пактың айтуынша, құрылыс компаниялары 2026 жылдан бастап енгізілетін ҚҚС-ты қазірдің өзінде шаршы метрдің бағасына қосып жатыр. Бұл қадам нарықтағы ұсыныс пен сұраныс арасындағы тепе-теңдікті біртіндеп реттеуге мүмкіндік…
