«Батыр тұлға – Бауыржан» атты көшпелі көрме Көкшетауға келді
Көкшетауға Жамбыл облысының Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейінің қорынан жасақталған «Батыр тұлға – Бауыржан» атты көшпелі көрмесі жеткізілді. Ол жерге Бауыржан Момышұлының күнделікті тұрмыста қолданған жеке заттары, жазған кітаптары қойылған. Көрме, шамамен, осы айдың соңына дейін болады деп жоспарланған.
