Ақмола облысында жаңа денсаулық сақтау нысандары ашылады
Тәуелсіздік жылдары өңірдің денсаулық сақтау жүйесі қарқынды дамып келеді. Саланы жаңғыртуға көп көңіл бөлінуде. Соңғы 5 жылда облыста 10 жаңа нысан салынды. Биыл Қосшы ауылында 100 адам қабылдайтын жаңа емхана, Қараөткел ауылындағы дәрігерлік амбулатория және Целиноград ауданы Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
