Облыс әкімі өз сапарын Қараөткел ауылдан бастады
Өңір бюджетінің төрттен бір бөлігі Целиноград ауданына бағытталады. Әсіресе, елорда іргесіндегі ауылдарды көркейтуге ерекше басымдық берілген. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ермек Маржықпаев осылай деді. Мәселен, бір ғана Қараөткел ауылында жаңа балабақша, дәрігерлік амбулатория және спорт алаңы салынып жатыр. Өңір басшысы құрылыс барысымен танысып, бірқатар тапсырмалар берді.
