
«Worldskills-2021» байқауында Ақмола облысы 4 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль алды
Көкшетау жоғары техникалық колледжінің студенттері «World Skills — 2021» байқауында 4 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль қанжығалады. Нәтижесінде, республика бойынша кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындарының арасында бірінші орынға шықты. Енді алтыннан алқа таққандар алда Шанхайда өтетін халықаралық сынға қатысады.