
Көкшетаулық оқушы мұқтаж жандарға арналған қол протезі моделінің жобасын жасады
Көкшетаулық оқушы Елдар Ерназаров мұқтаж жандарға арналған қол протезі моделінің жобасын жасады. Жас өнертапқыш жасаған қол протезінің өзгелерден ерекшелігі-құрылымы жаңартылған және қолжетімді. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуды мақсат еткен жас дарын алдағы уақытта да бұл саланы дамытуға үлес қоспақшы.