Қазақстанға бидайды заңсыз әкелудің жолы кесілмек
Қазақстанда бидайды автокөлікпен алты айға дейін әкелуге тыйым салынады. Бұл туралы LS-ке ауыл шаруашылығы министрлігінде хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, тиісті жоба қоғамдық талқылауда. Атап айтқанда, бұл шара тұқымдық бидайдан басқаларға алты айға дейін мерзімге енгізілмек. Министрлікте түсіндіргендей, бұл шешім соңғы бірнеше жылда бидайдың заңсыз әкелінуіне байланысты зардап шеккен жергілікті астық пен ұн нарығындағы қазіргі жағдайға байланысты….
