
«Бастау Бизнес» жобасы Бұланды ауданында сәтті жүзеге асуда
Соңғы 2 жылда 150-ге жуық жергілікті тұрғын жоба аясында кәсіпкерлікті дамыту тұрғысында білім алған. Бүгінде соның тең жартысы өзінің кәсібін ашып, ісін өрге домалатып отыр. Жеке кәсіпкерлердің дені жастар екенін атап өткен жөн.