
Тәуелсіздік жылдары Ақмола облысының ауыл шаруашылығының дамуы
Ақмола облысы Қазақстанның ірі агроөнеркәсіптік өңірі болып табылады және республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады. Ел егемендігі кезеңінде өңірде ауыл шаруашылығындағы негізгі көрсеткіштердің өсу үрдісі байқалады, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы. Осы саладағы жалпы өнім көлемі 1991 жылғы 11,3 миллион теңгеден 2020 жылы 672 миллиард теңгеге дейін өсті. Прогрессивті агротехникалық технологияларды енгізудің арқасында…