
Ермек Маржықпаев өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті
3-желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні. Осыған орай, облыс әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесіп, олардың арыз-шағымдарын, өтініштерін тыңдады. Дөңгелек үстел барысында мүгедектерге көрсетіліп жатқан қолдауларға шолу жасалып, оларды алаңдататын біршама мәселелрдің шешілу жолдары қарастырылды.