
Бірғаным Әйтімова атындағы кабинет пайдалануға берілді
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті жанындағы сенаторлар Кеңесі төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова атындағы кабинет пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына университеттің оқытушылық-профессорлық құраммен қатар студенттер де қатысты.