Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Оман Елшісімен кездесті
216 rob Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Оман Сұлтандығының Астанадағы Елшісі Мұхаммед Әл Бахраниді қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және логистикалық салалардағы екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Министрдің Маскатқа алдағы сапарын талқылады. М. Тілеуберді «Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесі» ынтымақтастығының диалогтық форматы шеңберінде өзара іс-қимылды дамытудың…
