Қазақстандық АИ-92 бензині экспортқа жөнелтілді
Қазақстан осы айда 40 мың тоннаға дейін бензин шетелге шығара алады. Бұл мәліметті LS редакциясына Энергетика министрлігінде растады. Министрліктің мәліметінше, 2025 жылғы сәуір айында К4/К5 экологиялық кластағы артық көлемдегі АИ-92 бензинін экспорттау жоспарланған. Оның көлемі – 40 мың тоннаға дейін. «Бұл ішкі нарықтың толық қамтылуы мен мұнай өңдеу зауыттарының тұрақты жұмысы нәтижесінде мүмкін болды. Нәтижесінде,…
