Среда, 08 сентября 2021 17:34

Жыл басында ұстаздардың еңбекақысы 25 процентке өсті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Жыл басында ұстаздардың еңбекақысы 25 процентке өсті. Мамандықтың мәртебесін арттыру мақсатындағы іс-шаралардың нәтижесінде оқуға түсушілердің педагогика мамандығына деген сұранысы артты.

Болашақ ұстаздарды даярлауға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті де ерекше көңіл бөліп отыр.  

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық өзгерістер жағдайында алынған білім түлек еңбек нарығына шыққанда ескіріп үлгеруі  ықтимал деді. Сондықтан жоғары оқу орындары кадрларды тиісті деңгейде даярлау ісіне жауапты болуы тиіс.

Бүгінгі таңда педагогикалық мамандықтар бойынша аталмыш университет түлектерінің 70% жұмысқа орналасқан. Жыл сайын оқу орны бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Онда студенттер мен аудандық және ауылдық мектеп директорларымен кездесулер өткізіледі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы білім саласына ынталы әрі білікті педагогтар қажет екенін еске салды. Мұғалімдерді қайта даярлау мерзімін қазіргідей  5 жыл емес, 3 жылға дейін қысқарту қажет.  Өйткені, олар жаңа білім тасымалдаушылары,-деді  Президент.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 105 раз Последнее изменение Четверг, 09 сентября 2021 19:36
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика