Четверг, 02 сентября 2021 19:19

Ақмола облысы аудандарының бірінде жаңа балабақша ашылды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Аршалы ауданының Волгодоновка ауылында "Ертөстік" жаңа балабақшасы өз есігін айқара ашты, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен атап өткендей, мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жөнделіп, 70 орынға есептелген.

"Балабақша барлық заманауи және нормативтік талаптарға сай. Тәрбиеленушілер үшін жайлы тұру жағдайлары жасалған: жайлы жатын және топтық бөлмелер, балалар жиһазының қызықты конструкциялары, әртүрлі ойын, дидактикалық материалдар. Қабылдау бөлмесінде ыңғайлы киім кабиналары орнатылған. Балабақшаның ашылуы Волгодоновка ауылында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100% - ға жеткізуге мүмкіндік берді", - деп хабарлады әкімдіктен.

Ауыл тұрғындары мектепке дейінгі ұйымның ашылуы туралы жаңалықты ықыласпен қабылдады.

"Біз бұл оқиғаға өте қуаныштымыз. Балабақшада біздің балаларымызға қажет нәрсенің бәрі бар. Аудан басшылығына және меценаттарға осындай сыйлық үшін алғысымды білдіремін", - деді жергілікті тұрғын Жұмағыз Алинева.

Бұл кішкентай аршалықтарға есігін айқара ашқан жалғыз мекеме емес. Жақында ауданда Қостомар және Жібек жолы ауылдарында балабақшалар ашылды.

Бүгінгі таңда облыста 598 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 250 балабақша мен 348 шағын орталық жұмыс істейді. Осы жылдың басынан бастап 236 орындық 5 мектепке дейінгі ұйым ашылды және 131 орынға 5 мектепке дейінгі ұйым кеңейтілді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 213 раз
© 2013-2021 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия"

Наш партнер - Platon.asia - новости и аналитика в Казахстане

Яндекс.Метрика