Суббота, 17 июля 2021 13:09

Әр жаңа туған нәрестеге жарты миллион ⠀

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Демографияны арттыру үшін мемлекет әрбір жаңа туған сәбиге 500 000 теңге беріу керек деп санайды Қызылордалық блогер Жасұлан Елмұратов.⠀



⠀ ⠀ Оның ойынша, егерде осылай болса, 10 жылда Қазақстанның саны 30 миллионнан асады.⠀

Айта кетейік, Қазақстан халық партиясынан мәжіліс депутаттары Айжан Скакова мен Ерлан Смайлов⠀
үкіметке аналық капиталды енгізіп, бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көтеруді ұсынған. Скакова бала күтімі бойынша жәрдемақыны күнкөріс деңгейіне дейін көтеруді және декреттік демалыс үшін төлемді екі жылға дейін ұзартуды ұсынды. Сонымен қатар, депутат балалар үшін жеке тұтыну себетін әзірлеуді ұсынды. Мұнда баланың жан-жақты дамуы үшін негізгі заттар, соның ішінде тамақ, гигиеналық құралдар және балаларды дамыту орталықтарына қаржы кіруі тиіс еді. Депутат Ерлан Смайлов аналық капиталды қазақстандықтарға әр баланың дүниеге келгені үшін мемлекеттік төлем түрінде енгізуді ұсынды. Сомасы - 4,2 млн. Смайыловтың айтуынша, бұл ақшаға ата-аналар тұрғын үй сатып алуға және отбасының тұрмыстық жағдайын жақсартуға, баланың білім алуына және анасының зейнетақы жинақтарына жұмсай алады.⠀

Алайда, үкімет бұл ақша бюджетте жоқ деп санайды, бірақ басқа пайдасы жоқ іс -шараларға ақша табылады. Сіздің пікіріңіз?⠀

⠀ ⠀ 

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 199 раз