Топ новостей
Суббота, 17 июля 2021 10:21

«ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Сайлауды бақылау мемлекеттік билікке деген сенімді арттыру үшін өте маңызды. Еліміздің барлық өңірінде «Партиялық емес байқау орталығы» өз жұмысын бастады.Бақылаушылар сайлау барысына жүйелі қатысу арқылы сайлауды бақылап, мониторинг жүргізеді.

Ақмола облысында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау күні 25 шілдеге белгіленген.Ауыл әкімдерін халықтың сайлауысаяси жаңғырудың жаңа кезеңін айғақтайды.

ЕРЛАН ЗАКИРЬЯНОВ, «ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ»ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ Біздің филиал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің алдағы сайлауын бақылауға белсенді қатысады. Бақылаушыларға партиялық емес бақылаудың әдістемесі мен технологияларын қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды. Оқыту барысында тыңдаушылар Қазақстанның сайлау заңнамасымен, сайлау процесінің барлық кезеңдеріне мониторинг жүргізу ережелерімен танысады.

Облыстық филиалда 493 байқаушы бар. Оның 67-і мобильдік бақылаушы болса, 426-ы стационарлықбайқаушы. Сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын бақылау үшін тәжірибелі топқұрылып отыр.

kokshetautv.kz

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 144 раз