Пятница, 16 июля 2021 13:15

ЖАППАЙ ЕКПЕ АЛУ ҚАРҚЫНДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Степногорск қаласында 14 мыңға жуық адам короновирусқа қарсы екпенің бірінші құрамын алды. Бұл жалпы вакцинацияланған қала тұрғындарының 39,8 процентін құрап отыр. Толығырақ тілші бейнематериалында.  

Бұл Степногорск қаласының емханасы. Екпе алу үшін келіп жатқан тұрғындардың белсенділігі жоғары. Бүгінге күнге дейін вакцинаның бірінші құрамымен 13 мың 980  адам егілді. Нақтырақ айтсақ, «Спутник V» вакцинасын 9339 адам алса, «Хаятты» 2500 степногорлық алды.

ГҮЛНАЗ ӘБІЛОВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Вакцина алу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз керек. Себебі, әрбір адамның денсаулығы өзіне байланысты. Сондықтан да қала тұрғындарын егу пунктеріне келіп екпе алуға шақырамын. Қалалық емхана, «Сибирь» сауда үйі,  «Хэппи мол», «Қазақстан» сауда үйілерінде екпе пунктері қарастырылған. Азаматтық белсенділіктеріңізді танытуларыңызды сұраймыз!

Екпе алушылар алдымен дене қызулары мен қан қысымдарын өлшетіп, сауалнама парағын толтырады. Дәрігер өкпесін тыңдап, толықтай тексереді. Диагностикадан өткеннен соң ғана вакцина алуға болады. Бүгінде екпе қоры жеткілікті.

ШОЛПАН ЖЕТПІСБАЕВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ АМБУЛАТОРЛЫ  - ЕМХАНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Қала бойынша 35 139 адам вакцина алуы тиіс. Оның ішінде 13 980 адам вакцина алды. Бұл 40 процентті құрап отыр. Біз осы қалған адамдарды вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптасыра аламыз. Сондықтан да барлықтарыңыз екпе алуға келіңіздер. Үйлеріңізде кішкентай балаларыңыз, ата – аналарыңыз бар. Қазіргі кезде елде тараған індетпен күрес ол осы екпе алу. Көбі «Спутник» вакцинасын алды. Бұл екпені арнайы температуралық режимде сақтаймыз. Ол үшін мұздатқыштар мен тоңазытқыштар алынды.

Мұнда емханалармен қатар жылжымалы бригадалар да жұмыс істейді. Олар вакцинаны арнайы термоконтейнерлерде тасымалдайды. Айта кетейік, аладғы уақытта 35 мыңнан аса степногорлық короновирусқа қарсы екпе алмақ.

kokshetautv.kz

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ДАСТАН БОЛАТОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 151 раз