Четверг, 15 июля 2021 16:59

«АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Көкшетауда 7 мемлекеттік мекеме «Ақмола - адалдық алаңы» жобасы аясында «Open Spase» форматына көшіп, қызмет түрлерін ғимараттың бірінші қабатында көрсетеді. Бұл туралы аудандардағы «Адалдық алаңы» жобасының жүзеге асырылу барысы талқыланған онлайн жиында мәлім болды. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

«Ақмола – адалдық алаңы» жобасының мақсаты - мемлекеттік қызмет беру бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыру. Сонымен қатар, тұрмыстық жемқорлық деңгейін төмендетіп, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, Көкшетауда жастар арасында адалдық пен парасаттылық қағидаларын қалыптастыру аясында 30-дан аса «Таза сессия» акциялары өткен.

САМИРА ТАЙТЕНОВА, «АҚМОЛА - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Бүгінгі таңда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Біздің өңірде осы идеологияның драйвері «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы болып табылады. Барлық жұмыс Жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста іске асырылуда. «Саналы ұрпақ» клубы мен «Парасаттылық мектебі» жобалары жастардың ой-санасында сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттеріне қарсы имунитетті қалыптастыру,онымен күресу мақсаттарында құрылды.

Жоба аясында жалпы білім беретін мектептерде 25 «Адал ұрпақ» клубтары жұмыс істейді. Оған  500-ден астам оқушы қатысады. Барлық метептерде 20 мыңнан астам ата – ананың қатысумен онлайн жиналыстар өткізілген. Онда жемқорлықты болдырмау, заңсыз қаражат жинау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары айтылған.  

ВЛАДИСЛАВ ШУЛЬ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ:  Бұл жоба қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Жобалық кеңседе кез келген азамат билік институттарына сенім арта алады. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда халық мемлекеттік қызмет көрсету, білім, әлеумет, сәулет және қала құрылысы мен жер қатынастары салаларына қатысты ақпарат алып, қажетті құжаттарын тапсырады.

Айта кетейік, алдағы уақытта арнайы құрылған мониторинг топтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында өңірдің аудандарына шықпақ.

kokshetautv.kz

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 153 раз