Четверг, 15 июля 2021 16:48

АҚМОЛАЛЫҚ БИ АНСАМБЛІ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысының өнерлі балғындары жүлде қорын тағы бір жеңіспен толықтырды. «Сувенир» халықтық би ансамблі «Steps to the Stars» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Talanted Kids» байқауында грна-при иегері атанды. Алматы қаласында өткен республикалық байқау онлайн форматта ұйымдастырылды.

Анастасия Ерофееваның «Сувенир» халықтық би ансамблінде өнер көрсетіп жүргеніне 4 жыл болған. 9 жасар балғын топтың кіші құрамында билейді. Оның халық алдында өнерін паш етуі жас өренге қуаныш сезімін сыйлайтын көрінеді.  

АНАСТАСИЯ ЕРОФЕЕВА, «СУВЕНИР» ХАЛЫҚТЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ  Өзіме орыс халқының ұлттық биін билеген ұнайды. Би билеген өзім сияқты балғындарды көрген сәтте-ақ, биге деген қызығушылығым оянды. Бірден би үйірмесіне барамын деген шешім қабылдадым. Бұл өнер түрін ерекше бағалаймын. Одан әрі де жалғастырғым келеді.

Ансамбль 1969 жылы құрылып, 3 жылдан соң  «халықтық» би ансамблі атағын иеленді. Ол 3 құрамға жасақталған. Ансамбль байқауда «Ромашка» биімен қазылар алқасын таңдай қақтырған.

МАРГАРИТА АВДЕЕНКО, «СУВЕНИР» ХАЛЫҚТЫҚ БИ АНСАМБЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ Біз халықтық би ансамблі болғандықтан, орыс ұлтының биіне, мәдениетіне аса мән береміз. Десе де, репертуарымызда өзге де билер бар. Ансамбль Көкшетау мәдениет үйінде дайындалады. Облыстық мәдениет басқармасы барынша көмектеседі. 

«Сувенир» халықтық би ансамблі республикалық, халықаралық байқауларда бірнеше мәрте жеңімпаз атанып, жүлделі орындарды иеленген. Алдағы уақытта ансамбль репертуарын жаңа би түрлерімен жаңартып, осы өнерге қызығушылық танытқан жас өрендерді қабылдайды. 

kokshetautv.kz

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 149 раз