Четверг, 15 июля 2021 14:58

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Тәуелсіздік жылдары орын алған мәселелер мен қиындықтарға қарамастан, құрылыс саласында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1995 жылдан бастап құрылыс саласының көлемі орта есеппен алғанда жыл сайын 24 процентке өскен. Егеменді ел болғалы өңірде аталмыш салаға 235 миллиардқа теңге бөлініп, игерілген.

Тәуелсіздік жылдары облыс орталығымен қоса, аудандарда да құрылыс саласы қарқынды дамыды. Мәселен, Зеренді ауданында бүгінге дейін 11 көппәтерлі тұрғын үй бой көтеріп, Жүзу бассейні, жаттығу залы және түрлі спорт түріне жасақталған бөлмелері бар жалпы көлемі 2000 шаршы метрге жуық дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.

ЕРЖАН ШӘКІРЖАНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ  Сондай-ақ, Шағалалы бекеті мен Айдарлы ауылында 80 оқушыға арналған мектеп тұрғызылды. Зерендіде балабақша, Троицкі ауылында дәрігерлік амбулатория бой көтерді. Сондай-ақ, 200 орынға шақталған аудандық емхана салынды.

Қазіргі уақытта Зеренді аудандық құрылыс бөлімі үш 45 көппәтерлі тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатыр. Сондай-ақ,  Алексеевка ауылындағы инженерлік су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары да жүргізілуде.

ЕРЖАН ШӘКІРЖАНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ  Сондай-ақ, Зеренді ауылындағы тарихи өлкетану мұражайы құрылысының жобасын әзірлеу жоспарда бар. Зеренді ауданын дамытуға қатысты жұмыстар барынша жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар да назардан тыс қалмақ емес. 30 пәтерлі панельді үйдің құрылысы жоспарланып отыр. 

Айта кету керек, тәуелсіздіктің 30 жылында облыс бойынша барлығы 6 миллион 538 мың шаршы метр алаңға  баспана тұрғызылды. Бұл шамамен 54 мың ақмолалықтың қоныс тойын тойлауына сеп болған.

kokshetautv.kz

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 139 раз