Четверг, 15 июля 2021 12:03

Әбсаттар қажы Дербісәлі дүниеден өтті⠀

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы Әбсаттар қажы Дербісәлі дүниеден өтті.⠀



Қайғылы хабарды ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева желідегі парақшасында жазды.⠀

«Белгілі дінтанушы, шығыстанушы, исламтанушы ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Бұл бүкіл қазақ руханиятына ортақ ауыр қайғы. Әбсаттар Бағысбайұлы бүкіл саналы ғұмырын имандылыққа арнап, асыл дініміздің тура жолын халыққа дұрыс жеткізу ісіне өлшеусіз еңбек сіңірді» делінген министрдің instagram парақшасында.⠀

Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі – 1947 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1969 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік тәмамдаған. 1970-1975 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыды. Шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы (1998).⠀
Кеше дінтанушы жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатқаны айтылған болатын.⠀
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.⠀

Достар, лүпіл ( лайк) басып, біздің kokshetauasia_kaz парақшасына жазылыңыздар!⠀⠀
⠀⠀
Және де осы ақпаратпен достарыңызбен бөлісе отырыңыз, себебі бізде сіздер үшін әлі талай қызық ақпарат болады!⠀⠀
#көкшетау #жаңалықтар #Қазақстан #бақ #әлем#жаңалықтары #көкшетау#азия#кокшетау#азия

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 146 раз