Среда, 14 июля 2021 16:25

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Тәуелсіз елдің ұрпақтары мемлекеттің көркеюіне деген бар күш-жігерін жұмсап, арманына сенімді нық қадам басып, даму үстінде. Олардың білімге, өнерге, тұлғалық өсуіне деген ұмтылысы үшін бар жағдай жасалып отыр. Орда бұзар жастағы тәуелсіздік құрдастары туралы толығырақ тілші бейнематериалында.

Жадыра Әубәкірова – Тәуелсіздік құрдасы. Ол бала кезінен кітап оқу мен шығармашыл әлемді жаны сүйген. Оның шығармалары мектеп қабырғасында жүрген сәті мен студенттік шағындағы жылдардан бастап «Алтын асық», «Балбұлақ» журналдарында басылып шықты. Жадыра Көкшетау қаласындағы № 18 қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Кейін Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына библиограф болып жұмысқа орналасады.

ЖАДЫРА ӘУБӘКІРОВА, ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ҚҰРДАСЫ  2010 жылдан бері көптеген жастар бірлестіктерінде қызмет атқарып, көптеген форумдарда, «Жас Отан – жастар қанаты», «Тәуелсіздік» деп аталатын волонтерлар клубында қызмет атқарып, содан көптеген жобаларды, іс-шараларды, жүзеге асырдық.  Мен осы 10 жыл еңбек өтілінде, яғни кітапхана саласымен, журналистика және бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызмет атқарып келемін. Осы екі сала маған өзіме қатты ұнайды.+скл+Негізі өзім мамандығым бойынша кітапхана саласында жұмыс істеп жатқаныма өкінбеймін. 

Библиограф Жадыра Әубәкірованың жан-жақты тәжірибесі мен кәсіби, іскерлік қасиеттері бүгінгі жұмыс орнында жоғары бағаланады. 

МАХАББАТ  ИВАХИНА, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ  Әубәкірова Жадыра өзін ісіне жауапты, өте креативті атқарушы қызметкер ретінде көрсетіп жүр. Барлық жағынан дамуға тырысады. Оны сипаттағанда тек жақсы қасиеттер ғана еске түседі. Өте ұқыпты, көпшіл,  әрқашан ұжыммен ортақ тіл таба біледі. Жұмыста жаңа шығармашылық ұсыныстармен өзін жақсы қырынан көрсетеді.

Айта кету керек, Жадыра Әубәкірова «Ақмола облысының таланттары» атты жеке жобасын жүзеге асырды. Оның аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастар бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.

kokshetautv.kz

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ИВАН ОДНОРОГ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 135 раз