Среда, 14 июля 2021 13:45

«СМЕРШ» САРБАЗЫН ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл және Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 76 жыл толып отыр. Осы екі атаулы күнді мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметкері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Шегебай Ұзақбаевты еске алуға арналған қазақ күресінен алғашқы ашық турнир біріктірді. Турнир ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері арасында өткізілді.

Облыстық ұлттық қауіпсіздік департаментінде «СМЕРШ» жедел уәкілі Шегебай Ұзақбаевты еске алуға арналған қазақ күресінен ашық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Департамент басшылығы егемендік үшін өмірін қиған қазақ халқының даңқты ұлын болашақ ұрпақ есте сақтауы керектігін атап өтті.

САЙЛАУБАЙ ЫБРАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҰҚКД АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ  Бүгінгі біздің іс-шара Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан, біздің әріптесіміз, қарсы барлау бөлімінің жедел уәкілі Шегебай Ұзақбаевты еске алуға арналады. Бұл іс-шараның маңызы өте зор деп есептейміз. Жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеуге. Елбасының бекіткен «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы көрсетілген салауатты өмір сүру деген сияқты сол жастарды дұрыс жолменен тәрбиелеуге өзінің үлесін қосады деп ойлаймыз. Шегебай Ұзақбаев бізге белггілі адам. Соғыстың біткенінің 70 жылдығына арналып, өзінің туған қаласы Ақкөл қаласында көшелердің бірі оның есімімен аталған.

Ашық турнирге Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан 26 адам қатысты. Олар 55-тен 100 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде ұсынылды.

ТАЛҒАТ ҚАРАШЫНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ КОМАНДАСЫНЫҢ ӨКІЛІ  Біз осында Ұлы Отан соғысының қатысушысы Шегебай Ұзақбаевты еске алуға арналған турнирге қатысуға келдік. Бұл жарыстар Ақмола жерінде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұндай жарыстардың одан әрі жалғасын тапса екен. Бұл жарыс патриоттық рухы беріп,  салауатты өмір салтын қолдауға септігін тигізеді.

Ашық турнир қорытындысы жалпыкомандалық бірінші орынды Ақмола облысының палуандары иеленді. Екінші орынды Қостанай облысы иеленсе, үшінші орынды Солтүстік Қазақстан облысы еншіленді. Іс-шара ұйымдастырушылары Шегебай Ұзақбаев атындағы Қазақ күресінен ашық турнир жалғасын табатынын жеткізді.

kokshetautv.kz

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, ИВАН ОДНОРОГ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 140 раз