Топ новостей
Среда, 14 июля 2021 13:39

АПАТТЫ ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ҚҰЛАДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Шучинск қаласы, Майская көшесі 21-де орналасқан тұрғын үй апатты жағдайда.  Редакциямызға хабарласқан тұрғындар  бірер күн бұрын ғана үйдің шатыры құлағанын айтты. Тілшіміз Жансұлу Жиенқұл оқиғаның мән жайын толығырақ баяндайды.

Қазір мына тұрғын үйде тек 3 отбасы ғана өмір сүреді. 25 пәтерлі үйдің қалған тұрғындары қауіптен қашып, көшіп кеткен. Тұрғындар өз күшімен 2018 жылы шатырды ауыстырған. Дегенмен, өткен ғасырдың 30-жылдары салынған үйді қанша жамағанымен нәтижесі ұзаққа бармай, мәселе одан әрмен күрделенген.

ЖАНСӘУЛЕ ТҰРЫҚҰЛОВА, ШУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  Осы үйде тұрып жатқаныма 9 жылдан асты. 3 жыл бұрын бұршақ жауған сәтте, үйдің төбесіндегі гипс опырылып, басыма құлап кетті. Содан кейін әрең дегенде үйге жөндеу жұмыстарын жасадым. Үй әбден ескірген. Жалақымның аздығынан күн көрудің өзі ауыр. Жылдағыдай жөндеу жұмыстарын жүргізуге жағдайым жоқ.

Тұрғындар бір емес, бірнеше рет жергілікті атқарушы органдардың көмегіне жүгінген. Алайда құзырлы органдар көмекке келуге әлі асықпайды,- дейді қала тұрғыны.

ЛИЛИАНА СУЩИЦКАЯ, ШУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ  2012 жылы жоғарыдағы пәтерде өрт болды. Содан менің үйімді су басты. Жөндеу жұмыстарын жасадым. Содан біздің пәтердің бір бұрышы құлап түсті. Әкімдікке, жер бөліміне жүгіндік. Олар көмектесе алмаймыз деп жауап қайтарды.

Ендігі мәселенің қашан біржақты болатыны әлі белгісіз. Жауабын білмекке жергілікті әкімдікке хабарластық.

ЮРИЙ СЕРГЕЕВ, ШУЧИНСК ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  Бізде қазір оларды алып, қоныстандыратын баспана жоқ. Тұрғын үйді төтенше жағдай деп жариялау үшін белгілі бір рәсімдерді орындау қажет. Қазір бұл тұрғын үй апаттық жағдай емес деп ойлаймыз. Тұрғындар алдымен тұрғын үйді қауіпті деп тану үшін барлық қажетті құжаттарды дайындауы керек.

Бүгінгі таңда әкімдік тарапынан атқарылған шара - үйдің тұрғындарына құжаттар жинауға қатысты ақпараттық қолдау көрсетілді, хаттамалардың үлгілері берілді.

kokshetautv.kz

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, АЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 158 раз