Среда, 14 июля 2021 13:17

«STREET WORKOUT» АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Зерендіде жаңа «Street WorkOut» алаңы ашылды. Қазіргі таңда елімізде ерекше спорттың бір түрі саналатын  «street workout»-пен шұғылданушылар қарасы қалың.

Жалпы құны 32 миллион теңге тұратын мына алаң заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұндай стрит ворк ауттар еліміздің түкпір-түкпірінде орнатылып жатыр. Алаңдарды ашудағы басты мақсат – дені сау ұрпақ қалыптастыру.

ҚАЙЫРБЕК ҚАЛИБАЕВ, СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ  Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы былтыр менің ұсынысым бойынша, бізге қаражат бөлінді. Жалпы құны – 32 миллион 8 мың теңге. Біз осындай спорт алаңдарын ашуға атсалысудамыз. Онымен қоса мұнда баскетбол, волейбол алаңдарын да қостық.

СЫЗДЫКЕРЕЙ ҚАСКЕЕВ, СПОРТ ШЕБЕРІ «Стрит воркаут» бізге шет елден келген спорт түрі. Бұрын баскетбол, волейбол алаңдарына көп көңіл бөлетін. Қазір осы заманауи түрі келіп, көп көңіл бөлініп жатыр. Көптеген адамдар гиподинамиядан,яғни тірек-қимыл аппараты бұлшықеттері, қан айналым және тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің ауруынан зардап шегеді. Аталған спорт алаңы мұндай мәселелерді шешуге көмектеседі.

Алаңда соңғы үлгідегі турникеттер орнатылған. Әсіресе, мұндай жабдықтарға жасөсіпірімдердің қызығушылығы жоғары. Қазіргі таңда алаңға 50-ден астам аудан тұрғыны келіп жаттығып жүр.

kokshetautv.kz

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 145 раз