Вторник, 13 июля 2021 14:30

Жеке тұлғалармен мүлік салығын төлеу тәртібі, мерзімдері туралы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) енгізілген өзгерістерге сәйкес:

1) меншік құқығымен тиесілі тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;

2) жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі жер учаскелері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылатындығын хабарлайды.

Халықтың назарын осы нормаға сәйкес енді көппәтерлі үйлердің тұрғындары жер салығын төлеушілер болып табылмайтынына аударғымыз келеді.

Бұдан басқа, мүлік салығы мен жер салығын төлеу тәртібін оңайлату мақсатында бюджеттік сыныптаманың коды – 104102 кодына біріктірілді.

Бұл ретте, аталған салықтарды біріктіру салық элементтерін өзгерткен жоқ, яғни жер салығы, мүлік салығы Салық кодексінде көзделген мөлшерлемелер мен тәртіпке сәйкес жеке-жеке есептелетін болады, ал төлеуге ұсынылатын және 104102 БСК бір сомамен төленетін болады.

Жекелеген жағдайларды қоспағанда, мүлік салығын төлеу салық салу объектілері орналасқан жер бойынша бюджетке есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша мәліметтер көрсетілген салықтарды есептеу үшін салық базасы болып табылады, онда объектінің бағалау құны мен жер учаскесінің алаңы көрсетіледі. Бұл мәліметтерді Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы ұсынады.

Сондай-ақ, Салық кодексінің нормаларына сәйкес салық төлеуден босатуға құқығы бар азаматтардың санаты көзделген, оларға жеңілдік салық салу объектілерінің бағалау құнына және жер учаскесінің түріне қарай беріледі.

Жеңілдікке құқығы бар тұлғалар бойынша мәліметтер жыл сайын уәкілетті органмен табыс етіледі және салықтарды есептегенде олар есепке алынады.

Салық төлеуді «Салық әмияны» сервисі іске қосылған ҚР ҚМ МКК «еSalykAzamat» мобильді қосымшасы, eGov порталында, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, терминалдар, банкоматтар және т. б. арқылы жүргізуге болады.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Источник 716.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 148 раз