Пятница, 09 июля 2021 11:33

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ТЫНЫСЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Шекарамызды шегелеп, азаттыққа қол жеткізген жылдары ел ішінде біршама өзгеріс орын алды. Жаңа ғимараттардың іргетасы қаланып, қолданысқа берілді. Олардың қатарында спорттық нысандар да бар еді. Олардың саны жыл өткен сайын арта түсті. Солардың бірі шаһардағы «Бодрость» сауықтыру кешені. Атаулы спорт сарайының бүгінгі тыныс тіршілігімен тілшіміз Абзал Жұмабек танысып қайтты.

Облыс орталығындағы «Бодрость» сауықтыру кешенінде қала тұрғындары спортпен шұғылданумен қатар, түрлі ем қабылдайды. Спорт нысанында адамдардың жаттығуына қолайлы 5 жаттығу залы бар.

СВЕТЛАНА ГУСЕВА, «БОДРОСТЬ» САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ӘКІМШІСІ  Бізде әйелдер мен ересектерге арналған екі жаттығу залы бар. Жәнеде бассейін  тәулігіне 10 сағат балалармен жұмыс істейді. Сонымен қоса кардиозал және футбол алаңы бар. Бұл жерде жасөспірім балалар спорттың гимнастика түрімен жаттығады, тіпті каратэден қалалық жарыстар да өтеді.

Спортқа ынтасы бар жандардың қарасы қалың. Атаулы нысанда күніне 500-ге жуық адам жаттығады.

СЕРГЕЙ ВАЙГЕН, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ  Жаттығу барысында адамдарға барлық жағдай жасалған. Өйткені, 5 жыл бұрын 30-ға жуық спорттық құрылғылар жаңартылған болатын. Бізде жоғары деңгейдегі нормативті орындаған ардагер спортшылар да бар. Осындай жетістіктеріміз тәуелсіздігіміздің жемісі деп білемін.

Айта кетейік, «Бодрость» сауықтыру кешенінде жаттығатын Нұрлан Тәтен, Ерлан Сәрсенов, Шәріпхан Сәдуақасов, Александр Чурсин сынды ауыр атлет ардагерлері ел чемпионатында жүлдегер атанған. Қазіргі таңда олар әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, БЕРІК МАНАП

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 156 раз