Пятница, 09 июля 2021 11:18

ЖЕР ДАУЫ. МАЛ ЖАЙЫЛЫМЫ ЖЕТІСПЕЙДІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысындағы 6 ауылдың бесеуінде жайылым тапшы. Бұл ауыл-аймақтың әкімшілік шекарасы мен оған қажетті шаруашылық алқаптың уақытылы межеленбеуінен туындап отыр. Егістік алқаптардың елді мекендерге тым жақын орналасуы ауыл малы мен өрістің екі арасына тосқауыл болып отыр. Мұндай мәселемен Қорғалжын ауданы тұрғындары да бетпе-бет келіп отыр.

Ауылдан 3 жарым шақырымда орналасқан бұл алқап 90-шы жылдары жекеменшіктің қолына өткен. 20 жылдай игерілмеген егістікті шөп басып, жайылымға айналған. 2019 жылы жерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесі көтерілген мезгілде жалға алушы жердің бір бөлігіне егін егіп, қалғанын жыртып әрекет қылған. 

БАЛТАШ ҚАРАҒОЖИН, АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ  Жердің бәрін жыртып тастаса халық малын тапсырады, төл өспейді, халықтың тіршілігі азаяды. Сондықтан, ауылдан халық көшеді. Құлағымызға қондырып тұрып айтқан Президенттің сөзі: ең бірінші мәселе халықтың жағдайын шешу керек. Халықтың жайылымының мәселесін шешу керек.

Шаруашылық нысанының жетекшілері жергілікті әкімдік өзге өңірден 2 мың гектар алқап ұсынса, бұл жерді ауыл тұрғындарының игілініге қалдыруға әзір. Жыртылған жерге көпжылдық шөп егіп кетуге де уәде беріп отыр.

НҰРСҰЛТАН ӘЛІМЖАН, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ  Осы мәселені шешуге «Калорит агроның» басшысымен және Жібек Оразқызымен келісіп 800 гектарды осыдан 50 шақырым жерде Қызыл сая ауылдық округінен, Үшсарттың әр жағынан жер береміз деп келісіп отырмыз. Осы жер телімдерін өзара алмастырып, жыртылған аумақты мемлекет меншігіне қайтарамыз.

Аудан әкімдігі мәселені жуық арада шешуге ниетті. Алайда, малдың егінге түспеуіне кепіл жоқ. Себебі ауылда мал бағу тәртібі ұйымдастырылмаған. 

БАУЫРЖАН БАЙҚАДАМОВ, ҚОРҒАЛЖЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ Қорғалжын ауылында 10 табын ірі қара, 8 отар қой шығады. Бұрын мал бағылмай келсе, билыл ақсақалдармен келісіп 3 бағытта малды кезекпен бағып жатырмыз. 1 бағытта малшы шығардық. Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырғандықтан, бақташыға жұмыспен қамту орталығы арқылы келісімшарт жасалып, оның зейнетақы жарнасы төленетіндей қылып бердік. Жем-шөппен де көмектесеміз. Келесі жылы малдың барлығын бағамыз деп отырмыз.

Жалпы Қорғалжын ауданының аумағы 931 мың гектар. Оның 28 мыңы егістік, 381 мың гектары жайылым жер. Өзгесі қорғалатын табиғи аймақ.

kokshetautv.kz

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 202 раз