Пятница, 09 июля 2021 10:59

Ауыл әкімдерінің сайлауы: Ақмола облысында 31 үміткер тіркеуден өтті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Биылғы жылдың 25-ші шілдесінде еліміз бойынша өтетін ауылдық округ әкімдерінің сайлауына Ақмола облысында 238 сайлау комиссиясы тартылатын болады. Оның ішінде 20 аумақтық, 218 учаскелік сайлау комиссиялары бар. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде алғаш рет өткелі отырған ауыл әкімдерінің тікелей сайлауына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Облыс бойынша ауылдық деңгейде 239 әкім болса, биыл олардың 95-сы, яғни, 40 пайызын осы шілде айының 25-де сайланатын болады», - деді Манарбек Сәдуов.

Сонымен қатар, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сайлау аймақта 227 елді мекенде өтетін атап өтті. Оларда 153 мың адам тұрса, соның ішінде 100 мың сайлаушы сайлау процесіне

«Сайлау өткізілетін 227 елді мекендерге тоқталатын болсақ, оның ішінде 8 аудандық маңызы бар қала, 172 ауылдық округ пен 48 ауыл, 11 кент бар. Науқанға 238 сайлау комиссиясы тартылады деп жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 20 аумақтық, 218 учаскелік сайлау комиссиялары бар. Облыс бойынша 721 сайлау учаскесі бар болса, бұл жолы сайлау процесіне өңірдегі барлық сайлау учаскелерінің 30 пайызы қатыстырылады. Сонымен қатар, қазіргі кезде облыс бойынша 31 үміткер тіркеліп куәлігін алса, оны 29-ы саяси партиядан, 2 өзін өзі ұсынушы. Бұдан бөлек, 9 адам талапқа сай келмеді», - деп толықтырды Манарбек Сәдуов.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 215 раз