Пятница, 09 июля 2021 10:28

«Е-ӨТІНІШ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

1 шілдеден бастап елімізде жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді. Бұған дейінгі «Заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдарын қараудың тәртібі туралы» Заң өз күшін жойды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ақпараттық жүйе іске қосылды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс процестерін цифрландыру мапқсатында "Е-өтініш" ақпараттық жүйесі мен арыз-шағымджарды қабылдайтын "Нәтиже" орталығын жұмысын бастады.

Бұдан бөлек, Жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің аясында бұл жұмысқа мемлекеттік қызметшілер де даярланды.

АЙНАГҮЛ ЖАНӘДІЛОВА, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ  Бұл құқықтық алаңдағы жаңа сала. Ол жариялы-құқықтық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ашық қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған қарым-қатынастарды белгілейді және реттейді.

Қазіргі уақытта азаматтар мемлекеттік органға арыз-шағымдарын жіберу үшін байланыстың бірнеше түрін пайдаланады.

ЛӘЗЗАТ САНТАС, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАС МАМАНЫ  «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы сандық мемлекетке көшуді ұсынады. Осыған орай электронды сервистер пайдаланылады және ол әркез жетілдіріліп отырады. Азаматтар өтініштерін электронды үкімет порталы арқылы электронды түрде жіберуді, Қазақстан Республикасы Президентінің Виртуалды қабылдау бөлмесіне, бірінші басшының блогына, Қазпочта, электронды тасымалдағыш арқылы және қолма-қол жеткізу арқылы да жүзеге асырады.

"Е-Өтініш" ақпараттық жүйесін енгізу әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберіндегі маңызды жобаның бірі. Тағы бір атап өтерлігі азаматтардың арыз-шағымымен жұмыс кезінде оның сапасына қойылатын талап қатаң. Әкімшілік процедуралардың мерзімін негізсіз ұзартуға жол бергендер заң жүзінде жауап береді. Бір сөзбен айтқанда жаңа кодекс азаматтардың құқығын мейлінше қатаң қорғауғап бағытталған.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ ЖҰМАБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 179 раз