Четверг, 08 июля 2021 16:23

ТУРИСТІК АЙМАҚҚА САНИТАРЛЫҚ БЕКЕТТЕР ОРНАТЫЛАДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

2 шілдеден бері Ақмола облысы қызыл аймақта. Өткен аптамен салыстырғанда вирус жұқтыру дерегі тәулігіне  2,5 есеге артқан. Індетке шалдыққандардың 88 проценті симптомды. Инфекциялық ауруханада төсек-орынның 50 проценті бос емес. Мамандар аурудың асқынуына халықтың сақтық шараларын елеусіз қалдырғаны басты себеп деп отыр.

Шілденің басынан Көкшетау қаласы мен Бурабай,  Целиноград, Бұланды аудандарында эпидахуал  күрделенді. ПЦР-скринингке жіберілген 22 коронавирус тестінің 4-еуінен «Дельта» штаммы анықталыпты.  Аталмыш үнді штаммына,әсіресе, жастар көбірек шалдығып жатыр. Аяғы ауыр әйелдер мен балаларда асқыну деңгейі ауыр, - дейді санитарлық бас дәрігер.

АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ:  Вакцина науқаны жалғасуда. Екпе алуға жататын облыс халқының 36 проценті, яғни,  147 мың адам вакцина салдырды. Оның 100 мыңнан астамы Спутник-V  екпесін қабылдады. Республиканың санитарлық бас дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша 15 шілдеге дейін қызмет көрсету саласының қызметкерлері екпе алуға тиіс. Немесе апта сайын ПТР-тестінен өтуге міндеттеледі.

Демалыс күндері аймаққа ағылған туристер қарасы көп болды.  Эпиджағдайды бақылауда ұстау үшін алдағы күндері санитарлық бекеттер  орнатылмақ.

АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ: Санитарлық бекетте термометрия болады. Анкета толтырылады. Қызыл және сары мәртебелі адамдар туристік аймаққа өтіп кетпес үшін «Ашық» қосымшамен қонақтардың мәртебесін айқындау  жоспарланып отыр. Бұл қаулы алдығы демалыс күндері күшіне енеді.

3 шілдеден бастап қоғамдық тамақтану орындарының қызметі кешкі сағат  20:00-ге дейін шектелді. Ал  20:00-ден таңғы 9:00-ге дейін жеткізіп беру қызметіне рұқсат. Шектеулерге қарамастан, аудандар мен облыс орталығында той өткізіп, ас беріп жатқандардың қарасы азаяр емес. Мобилді топ өткен демалыс күндері 550 нысанды тексеріп, 22 заң бұзушылық анықтапты.

kokshetautv.kz

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 151 раз