Четверг, 08 июля 2021 16:19

ШӨП ШАБУ НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Жарқайың ауданының шаруалары күннің қолайлы әр сәтін пайдаланып, мал азығын жинап жатыр. Аудандағы  малшыларға биыл 40 мың тоннадан астам шөп қажет. Ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметіне сүйенсек, қазір оның 25 процентке жуығы әзірленген.

Биыл ауа райының қолайсыздығынан жемшөп дақылдарының шығымы былтырғы деңгейден төмен. Бұл тек аймақта ғана емес, республиканың түкпір-түкпірінде күйіп тұрған мәселе. Осыған қарамастан Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мал азығын дайындауға кірісті.

ЖАНБОЛАТ ХАМИТОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Биылғы жылы жемшөпті көп мөлшерде алуға күш салып отырмыз. Бір жылдық мал азықтық дақылдарының егіс алаңы - 4700  гектар. Оның ішінде 700 гектар алқапқа көпжылдық шөп егілді.  Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінде жанар-жағармай қоры жеткілікті.

Бастысы - шөп шабатын, жинайтын, орамаға түсіретін қажетті техникамен де жарақтандырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық.Жыл сайын машина-трактор паркі жаңартылып отырады.  

ЖАНБОЛАТ ХАМИТОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ  Бүгінгі күні 10,2 мың тонна жемшөп жиналды. Бұл жылдық қажеттіліктің 25 проценті. Жемшөп дақылдарының төмен өнімділігіне қарамастан, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері барлық мүмкіндіктерді, жарамды учаскелерді пайдаланады. Алдағы уақытта бір жылдық шөп шабылады, арпа, сұлы піскеннен кейін сабан жинау жалғасады.

Ауа райының қолайсыздығы мол өнім алуға кедергі болмаса екен,- дейді шаруалар. Мал азығын дайындау жұмыстары оңай шаруа болмай тұрғаны анық.

kokshetautv.kz

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ,  ӘСЕМ БЕЙСЕМБАЕВА

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 153 раз