Четверг, 08 июля 2021 16:02

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Облыс аумағында өрттің санын азайту, қауіпсіздік ережелерін болдырмау мақсатында саяжай учаскелері мен демалыс орындарында түсіндіру, насихат жұмыстары күшейтілді. Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының қызметкерлері саяжай иелері мен демалушыларға ескерту қағаздарын таратып, нысандардағы өрт сөндіру құралдарын тексерді.    

Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының қызметкерлері түсіндіру, насихат жұмыстарын Зеренді тас жолы бойындағы саяжай учаскелерінен бастады. Биыл бұл учаскеде өрт шығып, 16 саяжайды қызыл жалын шарпыған. Көкшетау қаласының тұрғыны Юрий Кучумов осы саяжайдың иесі. Оның  айтуынша мұндай түсіндіру жұмыстары өте қажет, өйткені өрт қауіпсіздік ережесін барынша сақтамаса, одан келер залал орасан болмақ.

ЮРИЙ КУЧУМОВ, САЯЖАЙ ИЕСІ Соңғы 15 жылдан бері бұл маңда, көршілерімізде өрт оқиғасы болған жоқ. Барынша қауіпсіздік шарасын сақтаймыз. Арнайы ыдыстарға үнемі су толтырып қоямыз. Биыл түсіндіру, насихат жұмыстары белсенді ұйымдастырылып жатыр. Көктем мезгілінен бері өрт сөндіру құралдарын тексеріп, түсіндіріп жатыр. Әсіресе қалған қоқыстарды, құлаған бұтақтарды өртеу өте қауіпті. Өрттің алдын алу баршамызға ортақ міндет.

Шілденің шіліңгір, аптап ыстығында дала өртінің көбейетіні белгілі.  Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары демалыс орындарына да барып, ескерту жұмыстарын жүргізді. Ашық аспан астында қалған шыны ыдыстардан келетін қауіп те орасан. Аптап ыстықта шыны қызып, өрттің орын алуына себепші болуы әбден мүмкін,-дейді құтқарушылар.         

ЕСЕНГЕЛДІ ҚАЖЫҒАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ : Саяжайда болған кезде желді ауа райында өрт жағуға тыйым салынады. Әрбір саяжай учаскесінде 200 литрлік бөшкеде су болуы керек. Темекі қалдықтарын тастап, от жағуға болмайды. Отты арнайы бөшкеде жағу керек. Өрт қауіпсіздік шарасын сақтамаған жағдайда құқық бұзушылық жауапкершілікке тартылады. Өзге демалыс орындарында да сақтық шараларын сақтау керек. 

Өрт сөндірушілер құрғақ, ыстық және желді күндері от жағуға тыйым салынатынын, от жағуды арнайы бөлінген орындарда жүргізген жөн екенін  тағы да ескертеді.

kokshetautv.kz

М.АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 152 раз