Понедельник, 05 июля 2021 11:37

Ақмола облысында интернационалист жауынгерлерге ескерткіш орнатылды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және Елорда күні қарсаңында Сандықтау ауданында Ауғанстанда әскери борышын орындау кезінде соғысқан және қаза тапқан интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан орталығы – Балкашин ауылында орнатылған ескерткіштің ашылуына жиналғандар отандастарымыздың әскери ерлігіне құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қойды.

«Сандықтау ауданынан барлығы 85 адам шақырылды, оның 5-уі ұрыс қимылдары кезінде қаза тапты, 5 жауынгер-интернационалист «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды, оның 4-уі қайтыс болғаннан кейін, «Ерлігі үшін» медалімен – 7 адам, «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен – 9 адам (оның ішінде 2-і қайтыс болғаннан кейін), «Минаны залалсыздандырғаны үшін» медалімен-2 адам марапатталды. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге құрметпен қарайды, жан-жақты қолдау көрсетеді. Майдан даласында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігі халық жадында мәңгі сақталады», - деп атап өтті аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков.

Ескерткішті «Ақмола облысының ауған соғысы ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ыбырай Дуанбай мен Сандықтау аудандық ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Александр Анатольевич Шарыпов ашты.

Осы ретте, Дуанбай Ыбырай барлық жауынгер - интернационалистер атынан Сандықтау ауданы әкімі Ербол Жүсіпбеков пен ескерткішті ашуға үлес қосқан азаматтарды мерейтойлық төс белгімен марапаттады.

inform.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 182 раз