Понедельник, 05 июля 2021 10:27

ЖАҢА МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ИНТЕРАКТИВТІ КЕШЕН АШЫЛДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Бурабайдағы Абылай хан алаңында Самұрық құсымен ұшуға болады. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан бойынша виртуалды ұшу саяхатын жасайтын елімізде теңдесі жоқ мультимедиялық-интерактивті кешен ашылды. Мұражайда еліміздің өткені, бүгіні мен болашағын байланыстыратын Хан Абылайдың арманының жүзеге асырылуы көрсетіледі. Кешен 7 аймаққа бөлінген. Бұл киелі деп саналған жеті санның қасиетін білдіреді.

Мультимедиялық кешенге кіріп, тарихқа көз жүгіртіп, шынымен ел аралап келгендей сезімде боласыз. Алғашқы аймақ - «Өмір ағашы» деп аталады. Бұл алаңда әр қазақтың ру - тайпалық құрамы туралы барлық ақпарат электронды түрде көрсетіледі. Ағаштарда орналастырылған светодиодтық шамдардың көмегімен шежіре деректеріне қанық боласыз.

ЖАҢАРҒАН ЖАҚСЫЛЫҚОВА, МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ИНТЕРАКТИВТІ КЕШЕННІҢ ЭКСКУРСОВОДЫ: Біз қазір кешеніміздің лоббиінде тұрмыз. Көрсетілген қар барысы күш пен тәуелсіздікті білдіреді. Елдің 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясында Қазақстан "секіруге дайындалып жатқан жас барыс" ретінде сипатталады. Барыс айналасында көбелектер ұшып жүр. Арман әрқашан көбелектің ұшуымен байланысты деп саналады. Барлығы т аймаққа бөлінген. Әрбір залдың өзіндік тақырыптары мен мазмұны бар.

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, ТІЛШІ:  Мультимедиялық кешеннің келесі аймағы – «Самұрық құсының ұшуы» деп аталады. Қазір біз мына аттракционға отырып, құстың соңынан ергендей болып, ел аралаймыз. Ендеше кеттік..

Міне, осылай жаңа технологиялардың көмегімен 5D форматында қызықты саяхат жасау мүмкіндігі бар. Самұрық құсының соңынан ере отырып, ел-елді 10-12 минутта виртуалды түрде аралайсыз. Ұшу кезінде еліміздің ең экзотикалық, тарихи жерлерін тамашалайсыз. Экскурсия әр жарты сағат сайын өтеді. Бір сессияға 10-12 адам кіруге рұқсат етілген. Жеңілдіктер де қарастырылған. Мәселен, әлеуметтік осал топтағы жандар үшін кіру тегін. Еліміздің түкпір-түкіпірінен келген туристер алған әсерлерімен бөлісуде.

МАРИЯ ХАЙРУЛЛИНА, ТУРИСТ, (ОРАЛ ҚАЛАСЫ): Жазғы демалыс басталғалы біз отбасымызбен еліміздің біраз жерлерін аралауға шықтық. Түркістаннан келе жатырмыз. Қожа Ахмет Яссауидің кесенесінде болдық. Енді, Бурабайға келдік. Мына жаңадан ашылған кешен өте әсерлі екен. Аяғымыз баспаған жерлерді аралағандай болдық. Балаларымыз да риза. Рухани жағынан байып, патриоттық сезіміміз арта түсті.

Ал, жерге қонғаннан кейін «Батырлар даласы» аймағына кіреміз. Бұл жерде қазақ даласында болған ұрыстар кезіндегі жауынгерлер сияқты өз күшіңізді сынап көресіз. Одан кейінгі бағыт "Мәңгілік Ел" деп аталады.  Жарық шоуы арқылы Ұлы Дала Елінің құрылуы көрсетіледі. Келесі болып, «Арманның орындалуы» алаңына қарай бет алдық. Бұл жерде Абылай ханның арманы жүзеге асқан, заманауи Қазақстанның жетістіктері көрсетілген. Ата-баба мұрасы ретінде берілген  қасиетті жердегі тыныштық пен бейбіт өмір - арманның орындалуының куәсі. Соңғы аялдама «Уақыт дәлізі» алаңында қабырғадағы үлкен графикалық панельдерде Қазақстанның тәуелсіз жылдарындағы жетістіктері бейнеленген.

kokshetautv.kz

ГҮЛМИРА АМАНБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕРІК МАНАП

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 449 раз