Суббота, 03 июля 2021 23:05

Ақмолалық оқушылар "Жас Ұлан" қатарына қабылданды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Облыстың Зеренді және Сандықтау аудандарында                       "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына ерекше көзге түскен оқушыларды қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті. Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

"Жас Ұлан" қатарына 30 оқушы қабылданды, олардың ішінде оқу озаттары, белсенділер бар, олар өз мектептері мен аудандарының намысын бірнеше рет қорғады.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биыл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Жас Ұлан" балалар-жасөспірімдер қозғалысына 10 жыл толды.

"Жас Ұлан" өз қызметін облыстың жалпы білім беретін мектептерінің базасында жүзеге асырады. Бұл өскелең ұрпақты жоғары адамгершілік-рухани құндылықтар, толеранттылық, демократизм және өзара түсіністік мәдениеті негізінде қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым. "Жас Ұланда" мүшеліктің екі деңгейлі жүйесі жұмыс істейді.  "Жас Ұлан" аға буынының мүшелері 5-10 сынып оқушылары, кіші буын мүшелері - 1-4 сынып оқушылары болып табылады, олар оның мүшесі болуға өз еркімен ниет білдіріп, қозғалыстың дамуына өз үлесін қосқысы келеді", - деп хабарлады ведомстводан.

Бүгінгі таңда "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының құрамына өңірдің 88 мыңнан астам оқушысы кіреді.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 183 раз