Топ новостей
Пятница, 02 июля 2021 12:59

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ КУРСЫН АЯҚТАҒАНДАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Өңірдетілдерді оқыту орталығы «QAZTEST» бағдарламасы бойынша оқытудың үш деңгейлік жүйесі арқылы жүйелі жұмыс жүргізуде. Мемлекеттік тілдің толық курсын орталықтың 8-ші түлектері аяқтап отыр.

Көкшетау қаласы әкімі орынбасарының құттықтауы

ГҮЛДАНА ЕСМУРЗИНА,ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Бүгінгі күні біздің мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, жеке тұлғалар 600 тыңдаушымыз сертификатты иеленді. Олар мемлекеттік тілді және ағылшын тілін тегін меңгеріп шықты. +++ Қалалық әкімдіктің жанында ашылған осындай тегін оқытатын орталық бар екенін тағы да паш етіп айтқымыз келеді.

«QAZTEST» жүйесінің азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтыны белгілі. Бүгінгі таңда барлық салада мемлекеттік тілді жетік меңгерген мамандар толық қамтылған деп айтау әлі ертерек. Сондықтан тілдерді оқыту  орталығына артылар жүктің де салмағы ауыр.

АНАСТАСИЯ ПЕРАТИНСКАЯ,  НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ МУЗЫКАЛЫҚ-КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ  Орталық мұғалімдеріне алғысым шексіз. Мен өте қуаныштиымын.Қазақ тілі – туын биік ұстаған. Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі. Құрметтеп отыр бүгін ел сені!

Қазақ тілі – өте бай, орамды, көркем тіл.Мемлекеттік тілді білу әрбір азаматтың парызы. Тілдерді оқыту орталығының курсын тәмамдағандардың пікірі осыған саяды.

kokshetautv.kz

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 205 раз