Топ новостей
Пятница, 02 июля 2021 12:40

ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕГІ ТЕЛЕМАРАФОННЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Бүгін ел ардағы, мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Нұржанұлы Әуелбековтің ескерткішіне қаржы жинауға қатысты телемарафон өтті. 4 сағатқа созылған тікелей эфирде қайраткердің артында қалдырған өшпес мұрасы дүйім жұртқа таныстырылды. 

Еркін Әуелбеков – тегеурінді іс-әрекетімен азаматтық жігер таныта білген дара тұлға. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтың бірі. Биыл қайраткердің туғанына 91 жыл толып отыр. Еркін Нұржанұлының көзін көрген азаматтар мен ізбасар інілері тікелей эфирде қонақ болды.

КҮМІС МҰРАТБЕКОВА, ҚР БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ  Былтыр 90 жылға келді деп біраз шара жасалды. Биыл енді бірінші қуаныш – ескертіш қойылатыны. Қаражат көбірек түседі деп ойлаймыз. Мемлекет тарапынан да көмек болады деп үміттенеміз. Ермек Боранбайұлы осы істі енді өз қолын алып жатыр ғой.

ЖІБЕК БАҒЫСОВА, ХАЛЫҚ ӘРТІСІ  Еркін ағаны еске алып, жәй ғана еске алып емес, сағынышпен еске алып осылай телемарафон жасап жатырмыз. Сыр елі де еске алып жатыр. Кез келген адамнан сұрасаңыз ағаның еңбегін ризашылығын айтады. Сондықтан мен Сыр еліне де, біздің Көкшетауға да алғыс білдіремін. Қорға мүмкіндігінше 5 мың теңге болса да, жаңағыдай қосылып жатқан адамдарға алғыс білдіреміз.

Ел ардағы Еркін Әуелбековтің ескерткіші қазан айында дайын болады деп жоспарланып отыр. Ескерткішті кіші мөлшерден бастап, бірнеше рет еселеп үлкейтіп, кезең сайын комиссияның ұйғарымын алады. Мүсін қоладан құйылмақ. Тұғыры бетон мен гранитпен қапталады. Негізгі ескерткіштің биіктігі - 3,5 метр. Тұғыры - 2,5 метр.

ТОҚТАР ЕРМЕКОВ, МҮСІНШІ  Мен көп ақша сұраған жоқпын. Тұғырымен 40 млн. теңге ғана. Ал қарсыластарым 55, 70 млн сұрады. Көп мүсіншілер бір жұмыстан байиын деп ойлайды. Мен бұл жұмыстан байитын ойым жоқ. Мен халықтың ризашылығын алғым келеді. Мен оны 86-дан бері естідім. Қандай адам болғанын да. Қай жердің бірінші хатшысы болғанын да. Өйткені мен өзім желтоқсандікімін. Жеке таныған жоқпын. Бірақ та сол алаңда жүргенде арманымыз Еркін Әуелбеков Қазақстанға басшы болса ғой деген арманымыз болды. Сондай қайталанбайтын адам. Өзін ойламайтын, халықты ойлайтын

Еркін Әуелбековтің ескерткішін орнатуға ел болып 4 сағат ішінде қорға  қомақты қаржы жинады. Бұл игі іске Ақмола, Қызылорда облыстарымен қатар, Торғай өңірінің  тұрғындары да атсалысты. Жиналған қаражаттың барлығы тау-тұлғаның ескерткішіне  мақсатты жұмсалады. 

kokshetautv.kz

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 215 раз