Пятница, 02 июля 2021 12:35

ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫНА ТАҒЗЫМ!

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Түркі мәдениетін зерттеген тарихшылар Көкшетауда бас қосты. Облыс орталығында «Ұлы дала тарихына тағзым!» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиында түркітілді мемлекеттерден, Кембридж университетінен арнайы шақырылған ғалымдар сөз сөйледі. Конференция қатысушылары түркі дүниесінің адамзат мәдениетіне қосқан үлесін анықтау жолында, қазақ ғалымдарының еңбегін жоғары бағалап отыр.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Ұлы дала тарихына тағзым!» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Алқалы ғылыми жиынға түркі дүниесін зерттеп жүрген, отандық және шетелдік ғалымдар қатысты.

ТОФИК АББАСОВ, САЯСАТТАНУШЫ, БАКУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЛЬТИКУЛЬТУРАЛИЗМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ /ӘЗЕРБАЙЖАН/  2010 жылы Әзірбайжанның Нахичеван қаласында түркітілді мемлекеттердің өзара әріптестік кеңесін құру туралы декларацияға қол қойылды. Бұл дегеніміз біздің байланысымыз жүйелі сипатқа ие болғанын білдіреді. Яғни, біз өзара келісіп, ортақ шешім шығарамыз. Мұның басты мақсаты - бірлесіп  тұрақты  дамуға қол жеткізу.

Биыл Көкшетау қаласы Қазақстанның мәдени астанасы деп жарияланды. Яғни, жыл бойы  еліміздің барлық мәдениет ордалары Көкшетауда бас қосады. «Бұл біз үшін үлкен абырой және жауапкершілік» - деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  Мен бұл конференцияны сан ғасырлық тарихы бар  Қазақстан мемлекетінің  Тәуелсіздік мерейтойына бағалы сыйлық деп есептеймін. Уақытын бөліп, бүгінгі шараға  ат салысып отырған Қазақстан Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына алғысымды білдіремін.Белгілі ғылым  және мәдениет қайраткерлері, Жамбыл Артықбаев, Қырым Алтынбеков, Дархан Қыдырәлі, Данияр Тілеуғабылов, Айболат Күшкімбаевқа ризашылығымды айтқым келеді.

АРЫСТАНБЕК МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ Конференция ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Ұлы даланың 7 қыры» және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарлы мақалаларының айналасында айтылған ұлттық тарихты жаңаша пайымдау, қайта зерделеу мәселелеріне арналып отыр. Мемлекеттің даму деңгейін оның экономикасы мен елдің рухани байлығы көрсетеді, - деген халықаралық тұжырым бар. Әрбір мемлекеттің рухани байлығы биік ұстаныммен бағаланса керек.

Ғылыми конференцияға Баку халықаралық мәдениет зерттеу орталығының кеңесшісі Тофик Аббасов, Кембридж университетінің ғалымдары Ребекка Робертс, Джоанна Добсон, БиБиСи телеарнасының ТМД мен Орталық Азия елдері өкілдіктерінің басшысы Сергей Становкин қатысты. Ақмола облысы әлемдік тарих ғылымына жылқының алғаш қолға үйретілген орны ретінде танымал.  Бұл - ұлы даладағы өркениеттің қайнар бастауы, облыс аумағында іргелі тарихи зерттеулер жүргізілуі тиіс, - дейді конференция қатысушылары.

kokshetautv.kz

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 187 раз