Четверг, 01 июля 2021 19:10

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМИ ТҮСТІ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Тәуелсіздік жылдары өңірдің мал шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Ел экономикасын арттырудың көзі – ауыл шаруашылығы саласын өрістету. Оның ішінде төрт түлікті түлетіп, асыл тұқымды мал басын көбейту айтарлықтай маңызға ие.

Мамандардың айтуынша, Ақмола өңірінің жем-шөп әзірлеу мүмкіндігі мал шаруашылығын өрістетуге қолайлы жағдай жасап отыр. Ол үшін мал басын көбейтуге күш салу керек.

ДИМАШ ТАЛАСБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ Өңірде мал шаруашылығына едәуір көңіл бөлініп келеді. Ол үшін мемлекеттен қолдау зор. Өткен жылдың өзінде 42 миллиард теңге субсидия бөлінді. Соның арқасында мал басын арттыруға күш салуға мүмкіндік туды. Біз министрлікке бөлетін қаржыны көбейтуге ұсыныс жасап отырмыз. Өйткені, ет, сүт өнімдеріне сұраныс артып келеді.

Ендігі міндет - елімізде мал шаруашылығын дамыту үшін сүт пен ет өндірісін ұлғайту қажет. Бұл мемлекеттің ауыл шаруашылығы саласындағы басты саясатының бірі. Малды асылдандыру өте қымбат процесс. Салдарынан мал шаруашылығы өнімділігіне тікелей ықпал етіп отыр.

ҚАСЫМ ИТҚҰСОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ  Сонау тәуелсіздік жылдарынан бері есептегенде бүгінгі күні облыс бюджетіне 200 миллиардтан астам пайда түсірдік. Бүгінгі таңда аймақта сүтті мал өсіретін 56 ферма бар. Ия, жасырмаймыз, 30 жылда мал шаруашылығы өнімдерінің кейбірінде төмен көрсеткіштер болды. Әсіресе, қой шаруашылығы 2003 жылға дейін онша дами қойған жоқ. Содан кейінгі жылдары жәймендеп қарқын ала бастады. Ал қазір жеке шаруашылықтардың көбеюінен, экономикада біршама өзгерістер бар. Аталмыш саланың әлеуеті жыл сайын 3-5 процентке артып келеді.

ТМД елдері арасында Қазақстан мал шаруашылығы өнімі бойынша соңғы орындарда. Айталық, Алматы облысында жан басына шаққанда 715 кг ет өндіріледі. Бұл көрсеткіш Ақмола облысының өнімінен 2,5 есеге жоғары. Сарапшылар елдегі өнімнің экспорттық әлеуетін көтеру үшін шаруаларға барынша көбірек субсидия бөлу керектігін айтады.

kokshetautv.kz

ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 161 раз