Вторник, 28 июля 2020 15:43

Құрметті аудан тұрғындары!

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Өкінішке орай, елімізде, облысымызда, ауданымызда COVID-19 вирусын.

жұқтырған адамдар саны күн санап артып, инфекцияның таралу аумағы кеңею үстінде.

Аталған індеттің облысымызда таралу қауіпін төмендету мақсатында үстіміздегі жылғы 7 шілдеден бастап Макинск қаласындағы «Арай» оңалту орталығының базасында  30 төсектік провизорлық стационар ашылды.

Стационар жұмысын қамтамасыз етуге қажетті заттар, яғни төсек жабдықтары,

санитарлық нормаларды сақтау үшін дезинфекциялық, антисептикалық заттар, пациенттерге арналған ыдыс-аяқ, азық-түлік, дәрі-дәрмектер және басқа да қажетті заттарды алуға ауданымыздың жеке кәсіпкерлері белсенділік танытуда.

Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлермен провизорлық стационарға 41 оттегі баллондары жеткізілді.

Індеттің алдын алуға Макинск құс фабрикасы 7 млн теңге, басқа да кәсіпкерлер өз қаражаттарын бөліп, қазіргі таңда, ауданымызға

дәрі-дәрмектер алуға келісім шарттар жасалуда.

Осы орайда, халық тағдырына бей жай қарамай коронавирус індетінің ауданымызда таралмауы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға өз үлестерін

қосып жатқан жеке кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз!

Сондай-ақ, медициналық білімі бар, бірақ басқа салада қызмет

жасап жүрген мамандар болса стационарға жұмыс жасауға шақырамыз.

Құрметті бұландылықтар!

Сіздерден әлемді айналып, елімізді шарлап кеткен коронавирус індетінің алдын алу бойынша санитарлық нормаларды қатаң сақтап, аса қажеттілік

туындамаған жағдайда үйден шықпауларыңызды сұраймыз!

#Жақыныңажанашырбол

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 188 раз
© 2013-2019 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"